Жүк көлігінің жүргізушісі газдан ақау шыққанын сезе қойып, автокөлікті жол шетіне шығарып үлгерген. Бұдан кейін ол көліктен қауіпсіз қашықтыққа жетіп, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше тіркелген. Көлігінен шыққан өртті жүргізуші өзі өшіруге асықпапты, себебі газ балоны атылса оның өміріне қауіп төнер еді. Өрт сөндірушілердің оқиға орнына шұғыл жеткеніне қарамастан, газдың жайылып кетуіне байланысты тілсіз жау лаулап кеткен. Өрт сөндірушілер бір ғана су шашқышпен тілсіз жауды ауыздықтаған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
Өрттің шарпу аумағы 12 шаршы метрді құрады. Өрттің шығуына қауіптіліші жоғары агрегатпне абайсыз жұмыс атқару себеп болуы ықтимал. Өртті сөндіруге бес өрт сөндіруші мен бір арнайы техника жұмылдырылды.