Өскемен автобекеті жұмысын жалғастыра бермек

476
көрілім

Бұл туралы автобекет директоры Алмас Бейсенғазин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір автобекет өз жұмысын 20 пайызға жалғастыруда. Жауапты тұлғаның айтуынша, осының салдарынан келіп жатқан шығындар да аз емес.
- Бұған дейін түрлі бағытта күніне 2000-3000 мыңдай жолаушы қатынайтын. Енді біршама азайды. Қазіргі жағдайда ең көп шығын осы көлік қозғалысы саласынан келуде. Дегенмен тұрғындар арасында дүрбелеңге байланысты абыр-сабыр байқалмайды. Қазір медицина қызметкерлері автобус жолға шығарда және келгенде дезинфекция жасауда, - деді жауапты тұлға.
Нұрбек АСҚАРОВ