Облыс орталығының әкімдігі қала сәулетін «стрит-арт» бағыты арқылы көріктендірмек. Қазіргі уақытта әкімдік суретшілерді іздеп жатыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, суреттер арқылы қала көшелері жаңа көркем сипатқа ие болады.
– Егер сәулет дизайнымен жұмыс жүргізуді қаласаңыз, қаламызды көркейтуге үлес қосуға шақырамыз, – деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Барлық ұсыныстарды vnpolit@akimvko.gov.kz және Kuatt@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады.