Облыс орталығында әлеуметтік маңызға ие топқа жататын тауарлар бағасын еш себепсіз қымбаттатпауға қатысты жұмыс әлі күнге дейін жалғасып келеді. Тауарларға үстемелеп баға қосылмауын қадағалап, толайым жеткізуші мен өндірушінің 15%-дан асырмауларын бақылауға алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар топтағы тауарлардың толайым бағасын бекітілді. Төменде берілетін сандар сәуір айының 15-не дейін өзекті болған, дәл қазіргі уақытта өзгеріс енуі мүмкін.
– Сатып алу кезінде тауарды сатып алу бағасы көрсетілген тауар-ілеспе құжаттарға назар аудару қажет, соның негізінде үстемақы қолданылады. Егер тұтынушы қымбатшылықты көріп қалса қала әкімдігі немесе қалалық кәсіпкерік және ауыл шаруашылығы бөліміне (А.Чехов көшесі, 33) жүгіне алады. Өзімен бірге кассалық түбіртек пен тиісті тексеріс жүргізуге мүмкіндік беретін тауардың фотосын көрсетулері тиіс, – деп кеңес берді әкімдіктегілер.
Дегенмен егер сатушы ұсынудан бас тартса тауарға ілеспе құжатты қайдан алуға болатындығы әлі белгісіз.
№ |
Тауар атауы |
Өлшем |
Сәуір айының ортасына дейінгі орташа толайым баға |
1 |
1-сортты бидай ұны |
келі |
185 теңге |
2 |
1-сортты бидай ұнынан дайындалған нан |
келі |
180 теңге |
3 |
Картоп |
келі |
240 |
4 |
Қант |
келі |
480 теңге |
5 |
Сиыр еті |
келі |
2100 теңге |
6 |
Жұмыртқа |
10 дана |
365 теңге |
7 |
Тауық еті |
келі |
1015 теңге |
8 |
Қырықабат |
келі |
380 теңге |
9 |
Күріш |
келі |
290 теңге |
Бұдан бөлек, сәбіз (270 теңге), пияз (2500 теңге), күнбағыс майы (1 литрі – 700 теңге) және тағы басқа тауарлар бар.