Шаһар басшысы Жақсылық Омардың сөзінше, 16 қабатты биік үйлер құрылысының жүргізілмегеніне талай жыл болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Біршама көрікті саябақтардың біріне айналып үлгерген «Нұрлы жолдың» айналасы жаңа шағын аудан көрінісін бірден байқатады дейді. Көпшілік алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген қала әкімі көпқабатты үйлердің артықшылықтарына тоқталды.
– Драма театр артында қарқынды құрылыс жалғасуда. Айта кетерлік жайт, зәулім тұрғын үйлер соңғы рет 40 жыл бұрын салыныпты. Өздеріңізге белгілі, Славский атындағы жағалу маңындағы үйлер 14 қабатты. Ал театр маңында тәмамдау жұмыстары жүргізіліп жатқан 16 қабатты үйлердің бөлмелері біршама кең, аулалары да жан-жақты жабдықталмақ. Спорттық және балалар алаңқайы орнатылады. Маңайында 600 орынға арналған мектеп құрылысы жалғасуда. Қысқасы, кешенді құрылыс болғалы тұр, – деді әкім.