Мәселе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бейресми ақпарат көздерінен алынған мәліметке сүйенсек, Өскемен әкімі Жақсылық Омар қарамағындағы екі бөлім басшысы, яғни тұрғын үй қатынастары бөлімін тізгіндеген Айбек Салбанов пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі бөліміне жауапты Нұржан Жапбаровты қызметінен босатты.
Қала әкімшілігінің ресми сайтында да қос шенеунік туралы мәлімет жоғалған болатын. Кейінірек yknews.kz тілшісі сұраухат жіберіп, олардың жұмыстан шығарылғандары расталды.