Өскемен әуежайында кондиционерлер орнатылды

231
көрілім
фотосурет oskemen.vk0 парақшасынан
Облыс орталығындағы әуежайда жөндеу жұмыстары аяқталып, келушілер жиі шағымданатын әуежайды салқындату мәселесі де шешілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен әуежайы 1966 жылы салынған. Ғимаратта желдеткіш жабдығын немесе кондиционерді орнатуға арналған жоғары өткізу қабілеті сияқты арнайы мүмкіншіліктер жоқ.
— Осы жазда мәселені шешу үшін арнайы кондиционер орнататын шеберлер шақыртылды. Стандартты кондиционерлерді орнатуға әуежайдың биіктігі сай келмеді. Мамандармен бірлесе отырып, тоғыз еденге және бір қабырғаға кондиционерлерді орнату туралы шешім қабылданды, — деп хабарлады «Өскемен әуежайы» АҚ баспасөз қызметіндегілер.
Биылғы жөндеу жұмыстарынан кейін әуежай жұмысы одан әрі жанданып, бір уақытта 400-ге жуық адамды қабылдайды деп жоспарланған.