Бұл туралы Өскемен гарнизоны ұсынған мәліметте жазылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Гарнизон әскерилерінің айтуларынша, 2022 жылға арналған «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламаның негізінде наурыз айында еліміздің Қарулы күштері әскери полиция органдарында «Келсімшарт бойынша әскери қызметшілердің әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен тастап кету, қызметке шықпау» деректерін алдын алу мақсатында «Келсімшарт бойынша әскери қызмет» атты айлығы өткізілуде. Соған байланысты Өскемен гарнизоны әскери полиция бөліміндегілермен, қызмет көрсететін гарнизонда орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығымен бірлесе отырып, ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.
– Атап айтқанда, гарнизон келсімшарты бойынша әскери қызметшілермен жоғарыда аталған тақырыптарда семинар-жиналыстар, дөңгелек үстелдер, дәріс-әңгімелер сияқты профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Жоғарыда аталған тақырыпта гарнизонда жіберілген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық статистикасына жүгінсек, 2021 жылдың екі айында екі құқық бұзушылыққа жол берілген, ал 2022 жылдың дәл сол кезенінде құқық бұзушылықтар тіркелмеді, – делінген мәліметте. – Демек, осы бағыттағы құқық бұзушылықтар төмендегенін білдіреді.