Өскемен гарнизонында әскери қылмыс төмендеді

720
көрілім

Өскемен гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердегі әскери қызметшілердің арасында әскери, құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күрес жүйесін, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Жымқыруға жол жоқ» айлығы өткізілуде.

Аталған іс-шара аясында тұрақты түрде «Әскери мүлікті қымқыруға байланысты бұзушылықтарының алдын алу» тақырыптарында дәріс, сұхбаттасу, семинар-жиналыстар және дөңгелек үстелдер форматында алдын алу шаралары жүргізіледі.

Көрсетілген айлық аясында Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінде қызмет көрсететін гарнизонда орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің материалдық мүлікке жауапты лауазымды тұлғаларымен, ҚР ІІМ Шығыс өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің өкілін тарта отырып, гарнизондық семинар-жиналыс өткізілді.

Онда, әр бір әскери қызметшіге аталған санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктер мен олардың құқықтық салдары жеткізіледі.

- Сонымен қатар, биыл Өскемен гарнизоны бойынша 1 қылмыс тіркелген. Өткен жылмен салыстырсақ әскери қылмыстар 88%-ға төмендеген (2021 ж. 8 қылмыстық құққыбұзушылық), - делінген мәліметте.