Өскемен гарнизонында әскери қызметшілердің құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында «Әкімшілік құқық бұзущылықтарға нөлдік төзімділік» атты айлығы өткізілуде.
Бүгінде 2022 жылға арналған «Құқық бұзушысыз әскер» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның негізінде, ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери полиция органдарында «Келсімшарт бойынша әскери қызметшілердің әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз еркімен тастап кету, қызметке шықпау, азаматтарды мерзімді әскери қызметке заңсыз шақыру» деректерін алдын алу мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. Соған байланысты, Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен қызмет көрсететін гарнизонда орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығымен бірлесе отырып, ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, гарнизонын келсімшарт бойынша әскери қызметшілермен жоғарыда аталған тақырыптарда семинар-жиналыстар, дөңгелек үстелдер, дәріс-әңгімелер және тағы басқа профилактикалық жұмыстар атқарылуда.
- Жоғарыда аталған тақырыпта гарнизонда жіберілген әкімшілік құқық бұзушылық статистикасына жүгінсек, 2021 жылдың алты айында 10 әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берілген, ал 2022 жылдың дәл сол кезенінде 5 әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелген. Демек, осы бағыттағы құқық бұзушылықтар 50 % төмендегені. Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімінің әскери қызметшілері жоғарғы денгейнде профилактикалық іс-шаралардың өткізілгендігі білдіреді, - дейді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері, әділет аға лейтенанты Ғани Нұрғаламбаев.