Қала басшылығының мәліметінше, тұрғындар саны қарқынды түрде өсуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, өскемендіктердің саны 375,4 мың адамға жеткен. Қала әкімінің орынбасары Арман Искаковтың сөзінше, жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 673 адамға өсті.
- Шаһар бойынша табиғи өсім 225 адамды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 679,7 млрд теңгеге жетіп, 103,9%-ға өсті. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 633,4 млрд теңге 103,3%-ды көрсетті, - деді ол.