Өскемен ХҚКО-лары Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

497
көрілім

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті. Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.
Айта кетейік жыл басынан бері қала бойынша 25 мыңға жуық ең алғашқы жеке куәлік табысталған. Айтпақшы, қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады.


– Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжат пен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз, – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Шоколад пен жалаушаларды таратқан ХҚКО қызметкерлерінің айтуынша, кәдесый алған жастар таңғалып, қуанып қалды. Оларды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері ғана емес, басқа қызметалушылар да құттықтады.