Өскемен қаласының Ішкі істер басқармасы 1986 жылы туған Зиновьева Екатерина Игорьевнаға атысты қылмыстық істі тергеу үстінде. Аталған адам 2014 жылдың желтоқсан айынан бері нотариалдық кеңсе қызметкері ретінде танысып, тұрғындарға үй мен жерді жекешелендіруге көмек беруге уәде берген. Алайда ақшаға ие болғаннан кейін ізін суытып кетіп отырған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қазіргі уақытта әйел 9 қылмыстық іске қатысты күдікті ретінде уақытша қамау изоляторында қамауда отыр. Сот алды тергеу амалдары жүрізіліп, оның өзге де қылмыстық істерге қатысы бары немесе жоғы анықталуда.
Полицияның болжауынша, аталған әйелден зардап шеккен өзге де жәбірленушілер болуы әбден мүмкін.
ШҚО Ішкі істер департаменті Е.Зиновьеваның әрекетінен зардап шеккендер болса, Өскемен қаласының ІІБ-не (мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі 152, тел: 232-606, 232-732, 234-247) хабар беруді сұрайды. Сонымен қатар, ШҚО ІІД-нің тергеу басқармасына да арыз қалдыруға болады.