Өскемен қалалық мамандандырылған балалар үйінде мерекелік шара өтті

591
көрілім

1 маусым - халықаралық балалар күніне орай Өскемен қалалық мамандандырылған балалар үйінде мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Бұқара кз сайтының тілшісі.

Халықаралық балаларды қорғау күні бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау үшін ғана емес, олардың құқығын қорғап, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам

- Бүгін бүкіл əлемде балаларды қорғау күні аталып өтуде. Бұл күн біз үшін үлкен мереке. Ата-ананың қарауынсыз қалған бейкүнə сəбилерге мерекелік көңіл күй, қуаныш сыйлау мақсатында демеушілермен бірігіп осындай ауқымды шара ұйымдастырдық, – дейді Өскемен қалалық мамандандырылғн балалар үйінің директоры Гүлнәр Даниярова.

Қазіргі таңда балалар үйінде бес жасқа дейінгі 84 бүлдіршін тəрбиеленуде.

«Жаз дегеніміз не?» деп аталатын көңілді шарада 3-5 жас аралығындағы балғындар өнер көрсетті. Айтулы шараға «Казцинк» ЖШС , Өскемен қалалық ІІБ, Ахмердегі әскери бөлім мен басқа да мекемелер демеушілік етті.

Ботакөз КЕНЖЕХАНОВА