Прокуратура органдарына халықтың сенімін арттыру мақсатында Өскемен қаласының прокуратурасы «Ашық есік күнін» өткізбек. Шара барысында ірі сауда орталықтарында жергілікті тұрғындарды қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
2017 жылдың 9 маусымында «Нұр Отан» халықтық партиясының филиалында (Киров к-сі, 68), сондай-ақ, 2017 жылдың 13 маусымында «Альшемали» ( Мызы к-сі, 16/1), «Император» (Әуэзов даңғылы, 28), «Достық» (Өтепов к-сі,13а) сауда үйлерінде прокуратура қызметкерлері азаматтарды қабылдау жүргізеді. Іс-шара аясында азаматтар кез келген мәселе бойынша сұрақ қоя алады.