Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына осыған дейін облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры болған Эльдар Төлеубеков тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Эльдар Төлеубеков қала әкімнің орынбасары қызметінде әлеуметтік салаға жетекшілік ететін болады. Ол 1967 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 2005-2010 жылдары аралығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында директор қызметінде еңбек етті.