Еркін Тұраров қала басшысының ұсынысымен Instagram желісінде тікелей эфирге шықпақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Айта кетерлігі, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қоластындағыларына халықпен Instagram желісі арқылы тікелей эфирге шығуды тапсырған еді.
- Мұндай форматта тұрғындармен байланысқа шығып, сұхбат өткізу біз үшін аса қажет, - деді өз сөзінде шаһар әкімі.
23 мамыр күні қала әкімдігіне қарасты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін Тұраров онлайн режимде тұрғындар сауалына жауа береді.
Барлық сұрақтарды жауапты тұлғаның Instagram желісіндегі жазбасына қалдыруға болады.
Ести сала қызығушылықтары туындаған тұрғындар Сәтпаев даңғылының жөнделуі, 19-ншы ықшам ауданына автобус қатынасы мен Лесхоз елді мекеніне жол салыну жағдайы сынды мәселелерге қатысты сұрақтарын жазып, жөнелтуде.