Өскемен қаласында 26 рет сотталған еркек тағы да ұрлық жасады

427
көрілім

Облыс орталығының тұрғыны газель жүргізушісінің сөмкесін жымқырып кеткен. Ішінде iPhone 8 Plus телефоны мен банк карталары болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға 29 тамыз күні орын алған. 30 жастағы көлік жүргізушісінің заттары салынған сөмкесін ұрлаған күдікті тез арада қолға түсті. Жәбірленуші шығын көлемін 605 мың теңгеге бағалады.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы жұмыссыз ер адам ұсталды. Ол бұған дейін 26 рет сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.