Өскемен қаласында Арбат ашылды

406
көрілім

Қаладағы Бебітшілік көшесі жаңа кейіпке енді. Арбатқа архитектуралық нысандар мен арнайы жарықшамдары бар субұрқақтар, балалар үшін ойын алаңдары, орындықтар орнатылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Арбаттың ашылу салтанатында қала әртістері мен суретшілер, акробаттар өнер көрсетіп, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

– Бұл біз үшін керемет демалыс орны болды. Енді бұл жерге жылы күндері балаларымызбен демалып қайтуға, тіпті болмаса құрбымыларымызбен фотоға түсуге де келе аламыз, – дейді қала тұрғыны Мария Панкеева.

Ресми ашылуына облыс әкімі Даниал Ахметов те қатысты. Оның сөзінше, жаяу жүргіншілерге арналған көше шығармашылық адамдары мен бүлдіршіндер үшін таптырмас орын болмақ.

– Біз тұрғындарымыздың өмір спасын жақсарту үшін барлығын жасаймыз. Тек қана Өскеменде емес, барлық қалаларда. Осындай ерекше көшені де қалада алғаш рет таныстырып отырмыз. – дейді облыс басшысы.