Жақын арада облыс орталығындағы моральдық жағынан атауы ескірген Совхозная, Колхозная, Советская сынды көшелердің атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өзгерістер легі аудандарда қазірдің өзінде басталып кеткен. Мысалы, Шемонаиха ауданында 43 көшенің атауын өзгертіп, Красная Шемонаиха ауылын «Қызылқұм» деп өзгерту жоспарлануда.
Облыс орталығындағы көше атауларын өзгертуге байланысты қала әкімшілігі сайт редакциясына ресми хатпен жауап берді. Қала басшылығының хабарлауынша, идеологиялық жағынан атауы ескірген көшелердің атаулары тұрғындардан келіп түскен өтініш бойынша кезең-кезеңімен ауыстырылатын көрінеді.
Ал қала көшелерінің атауын өзгертуге атсалысамын деушілер ұжымдық немесе жекелеген тәртіпте Пермитин көшесі, 17 мекенжайында орналасқан қала әкімшілігінің кеңсесіне өтініш түсіре алады.