Өскемен қаласында екі шетелдік көлік соқтығысқан

619
көрілім
Фотосурет - әлеуметтік желіден.

Тамыз айының 27 күні Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында екі шетелдік көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде, көліктердің бірі бірнеше метрге дейін ұшып түсіпті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қалалық ІІБ-нің хабарлауынша, оқыс оғиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

– Оқиға жексенбі күні орын алды. 1993 жылғы «Nissan Cifeiro» автокөлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылында ММС (ДКМ) бойымен Стахановская көшесінің қиылысында келе жатып, сол жаққа бұрыла бергенде «Toyota Mark 2» маркалы автокөлікті өткізбей қойған, – деп хабарлады ІІБ-нің баспасөз қызметі.

Жол-потрульдік полиция қызметкерлері «Nissan» көлігінің иесіне «Автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін бұзу» фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.