Облыс орталығында тәртіп сақшылары 37 жастағы қала тұрғынын ақша жымқырғаны үшін қамауға алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Күдікті мүмкіндігі шектеулі жанның 25 мың теңге ақшасын жымқырған. 59 жастағы жәбірленушінің үйінде болғанда сөмкесіндегі қаржыны қалтасына басқан.
– Айыпталушы бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.