5 қыркүйек күні қалалық полиция бөліміне қоңырау шалған тұрғын құрылыс жүріп жатқан үйден белгісіз біреудің қарғып кетпек болып отырғанын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қоңырау бойынша дереу көмекке ұмтылған полиция аға лейтенанты Ануар Бақтияров пен лейтенант Дамир Серіков оқиға орнына дер кезінде жеткен.
– Тәртіп сақшылары ғимараттың бесінші қабатына жеткенде өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігіттің мойнынан сым арқанды байқайды. Ануар Бақтияров назарын әңгімеге аударған сәтте Дамир Серіков ту сыртынан келіп, қауіпсіз жерге сүйреп әкетеді. 31 жастағы ессіз әрекетке барған жігіт мас күйде болғаны анықталды. Не себепті олай істегенін түсіндіре алмаған, – деді Өскемен қаласы полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев.
Рүстем МҰҚАЖАНОВ