«Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы барысында облыс орталығында тұратын ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары күдіктілердің есірткі затын заңсыз сақтағанын анықтады. Тексеру кезінде 32 жастағы әйел адам салмағы 4,96 грамм болатын ұнтақ пен белгісіз сары түсті тастарды іш киіміне жасырған. Оған қоса 36 жастағы жұбайы қалтасына 0,81 грамм 2 полимерлі пакеттегі есірткі затты салып алған.
– Сараптама нәтижесі бойынша табылған ұнтақ психотропты есірткі заттары болып шықты. Ерлі-зайыптылар бұған дейін де істі болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.