Өскемен қаласында есірткі сатушы тапаншамен ұсталған

331
көрілім

Маусым айының басында Өскемен қаласындағы полиция қызметкерлері есірткі заттарын сатумен айналысқан ер адамды анықтаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

33 жастағы еркек есірткі саудалау кезінде ұсталды.


- Тексеріс барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері заңбұзушыдан 400 мыңнан аса ақша мен 130 грамм мөлшерінде марихуана тәркілеген, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған қоса тәртіп сақшылары пакетке оралған тапаншаға ұқсас затты тауып алған. Сараптама нәтижесі бұның қолдан жасалған ату құралы екенін көрсетті.


Қазіргі уақытта есірткі заттарын сату және атыс қаруын сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.