Пристань шағын ауданының тұрғындары «Экологиялық қауіпсіздік орталығы» ЖШС-ге белгісіз жағдайда қар үстінде қара түсті жабын пайда болғаны үшін шағымдануда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Экологиялық патрульге «қара» қар туралы алғашқы шағым 10 қаңтар күні келіп түскен, - дейді ЭҚО өкілі Елена Полянцева. - Дәл осындай шығым демалыс күндері де қайталанып түсе бастады.
Экологиялық қауіпсіздік орталығы аталған шағым бойынша экологиялық тексеру жүргізу үшін тұрғындар атынан Экология департаменті басшысына жазбаша өтініш қажет екенін айтып өтті. Сонымен қатар өтініштер жасырын болмауы керек.