Полиция қызметкерлері әйел адамды тонап кеткен қарақшыныны ұстады. 44 жастағы тұрғылықты мекенжайы белгісіз айыпталушы бұған дейін бірнеше рет сотталған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
05.08.2019 жылы сағат 13:30-да Радищев көшесіндегі таныс әйелдің үйінде болған ер адам нәзікжандыны сол жерде пышақпен қорқытып, қол-аяғын байлап тастаған. «Леново» маркалы ноутбук, электрошокер, 6 жүзік, құжаттар мен «ОПЕЛЬ» маркалы көлігінің кілтін алып кеткен. Келтірілген залал 1 300 000 теңгені құрады.
– Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсіп, жеке мәліметтері анықталды. Кінәсін толық мойындаған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.