Шығыс Қазақстан облысында дәстүрге айналған бұл фестивальдің қатысушылары жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Биыл Жастар жылына орайластырылған «Қайратты жастар» облыстық фестивалі «Самал» саябағы мен «Ертіс концерт» мәдениет үйінде өтуде.
– Шығармашылық және спорттық сайыстарға өңірдегі 11 кәсіпорынның командалары қатысуда. Олар фестивальге бірнеше ай бойы дайындалды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде әр мекеме жайлы толыққанды ақпарат беріліп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, өндірісте еңбек етудің артықшылықтары туралы ақпарат ұсынылады, – дейді ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит.
«Самал» саябағының спорт алаңындағы сайыстар таңсәріден басталған. Онда аймақтағы ірі кәсіпорындардың әр түрлі мамандық өкілдерінен құралған тоғыз команда қатысуда.
Кешке «Ертіс концерт» мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Одан соң гала-концерт өтіп, фестивальдің қорытындысы шығарылады.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ