Облыс орталығында 5-7 ақпан аралығында екі бірдей жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
«Қарама-қарсы бағыт» (Встречная полоса) және «Мас жүргізуші» (Нетрезвый водитель) жедел алдын алу шаралары 5-7 ақпан күндері облыс орталығында өтеді. Өскемен қалалық Полиция басқармасының мәліметі бойынша, облыс орталығында бір ай ішінде 26 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 1 адам мерт болып, 30-ы әр түрлі жарақат алған.
- Жол-көлік оқиғасының басты себептері мас күйінде көлік басқару, жылдамдықты шамадан тыс асыру және қарама-қарсы бағытқа шығып кету салдарынан болады, - деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметіндегілер.