Өскемен қаласында көпқабатты үйдің терезесінен бүлдіршін құлап кетті

434
көрілім

Жастар көшесіндегі тұрғын үй ауласынан өтіп бара жатқан жолаушы кішкентай баланы байқап қалған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Өскемен қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 жастағы бала үйінде жалғыз қалып, екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен.
– Бүлдіршін үйдің есігі жабық болған соң тереземен шықпақ болған. Аулада ойнап келемін деп оқыс жағдайға түсті. Қазіргі уақытта ол Ана мен бала орталығының жан сақтау бөлімшесінде жатыр, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.