Өскемен қаласында күдікті қораптан мысықтың марғаулары табылды

527
көрілім
Шартты фотосурет.
Тамыз айының 15 күні облыс орталығындағы Чернов және Металлургтер көшелерінің қиылысын қоршап, күдікті қорапты тексерген тәртіп сақшылары мысықтың тастанды бес марғауын анықтады.

102 телефонына хабарласып күдікті қорап жатқанын айтқан куәгердің шақыртуынан соң жедел қызмет мамандары оқиға орнына бірден жетеді. Ақырын басып қорапқа жақындаған саперлер мияулаған дыбысты естиді. Қорапты ашқан кезде тәртіп сақшылары ішінде жатқан мысықтың бес марғауын көреді.

Белгісіз біреу мысықтың марғауларынан құтылу үшін қорапқа салып әдейі қалдырып кеткен сияқты.