Өскемен қаласында өрттен екі адам мерт болды

302
көрілім

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері саяжай учаскесінде екі адамның жанған мәйітін анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


«Колос» бау-бақша серіктестігінен 8 маусым күні сағат 23.00-де қалалық өрт сөндіру бөліміне дабыл келіп түскен.


- №2 Өрт сөндіру бөлімінің мамандары өрт шыққан саяжай аумағына темір қоршаудың кесірінен өте алмай қалған, - деп хабарлады қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.


- Өртенген учаскеде ашық жалынмен ағаш қалқа өртенген. Онымен қоса құтқарушылар ішінен жабылған темір вагонды байқаған. Өрт кезінде жанып кеткен бір ер адам мен әйелдің мәйіті табылды.


Қайғылы оқиғаның себебі — біріншіден, өрт қауіпсіздігін сақтамау болса, екінші бір себебі —  электр жабдықтарының ақаулығынан деп болжануда.