Қыркүйек айының 12 мен 16 күндері аралығында өткізілген «Қауіпсіз жол» акциясы барысында облыс орталығының ішкі істер бөлімі 988 ережебұзушылық анықтады, деп хабарлайды газет тілшісі Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталған ереже бұзушылықтар ішіндегі ең көбі жүргізушілердің телефон қолдана отырып көлік басқаруы болды. Атап айтсақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 591-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған жүргізушілер саны 224 адамды құраған.
Сондай-ақ, осы уақыт аралығында қауіпсіздік белдігін тақпай жүру (149 жүргізуші), жаяу жүргіншілердің жолдың рұқсат етілмеген жерлерін кесіп өтуі (73), жүргізушілердің маневрді дұрыс жасамауы (49), жаяу жүргіншілерге жол бермеуі (55) сияқты ереже бұзушылықтар жиі орын алды.