Бүгін облыс орталығының тұрғындары полиция қызметкерлерінің әдеттегіден көптігі мен бірнеше мәрте әуеде ұшқан әскери тікұшақты байқады. Жұмылдыру дайындығы басқармасы мамандарының мәліметінше, Ахмер әскери полигонында ауқымды оқу-жаттығу жиындары өтуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
ШҚО Жұмылдыру дайындығы басқармасының хабарлауынша, Қорғаныс министрлігімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Жаңа Ахмер полигонында «DOSTARYM-2019» тактикалық-арнайы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылуда. Бұған Қазақстан мен Пәкістанның арнайы мақсаттағы жасақтары қатысты. Жасақтар заңсыз әскери топтарды анықтау, бөгеу мен жою әдістерін шыңдауда.
Оқу-жаттығуға жалпы жиыны 200 әскери қызметкер, 30 арнайы техника мен әскери авиация жұмылдырылған.