Облыс орталығында бой көтеріп жатқан мектептер толық дайын емес. Қыркүйек-қазан айларында оқушыларды қабылдауы тиіс болашақ оқу орындарын әлі де жөндеу жұмыстары күтіп тұр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ескерте кететін болсақ, Өскемендегі КШТ шағын ауданы мен Ахмер ауылының ата-аналары балаларын қыркүйекте жаңа мектептің табалдырығын аттай ма деп күткен еді. Алайда бұл ойлары әзірге орындалмайтын сияқты.
– Мектептердегі жұмыстар толық аяқталмағанын кеше ғана білдім. Жөндеу жұмыстарымен айналысатын құрылысшылар тек бір ауысыммен ғана жұмыс істеуде екен. Негізінде екі ауысыммен істеуі тиіс. Бұл жағдай енді біздің назарда болады, – деді қала әкімінің орынбасары Серік Жеңісов.
Айта кетейік, жаңа ашылатын мектеп құрылысы КШТ шағын ауданы мен Ахмер ауылында жүріп жатыр.