Өскемен қаласы тұрғындары мен қонақтарының жиі серуендейтін жерлерінің бірі Славский атындағы жағалау. Алайда куәгерлердің айтуынша, адамдар сергіп қайтудан гөрі қорқып қайтып жүр екен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жағалаудың жақтауларында өріп жүрген өрмекшілер адамдарды үрейлендіруде. Өзен жағалауындағы парапеттерінің қосылған жерлерінде алты-жетісін көруге болады.
– Кешкісін қыдырып қайтуға шыққан едім. Шынымды айтсам қорқып қалдым. Мұнша өрмекшінің қайдан келгенін білмеймін. Бұрын-соңды осындайды көрген емеспін, – дейді Иван есімді куәгер.
Көбінде бетон қабырғалардың арасынан байқауға болады екен. Әзірге өрмекшілердің улы, улы емес екендіктері белгісіз. Дегенмен адамдардың сақ болғандары жөн.