Бүгін Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде келе жатқан трамвайдан өрт шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.
- Күннің күрт жылынып кетуіне байланысты трамвай рельсіндегі қар еріген. Жолай өтіп бара жатқан көліктер су шашып, қоғамдық көліктің моторы ылғалданған. Міне өрттің шығуына осы себеп болды, - дейді ол.
Оның айтуынша, трамвай бірден қалалық паркке жеткізіліп, тексеру жүргізілген. Кейіннен ол қайтадан маршрутқа шықпақ.