Өскемен қаласында трансплантология бөлімшесі ашылады

589
көрілім

Облыс орталығында трансплантология бөлімшесі ашылмақ. Бастапқыда онда бүйрек салу отасын жасау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Ерекше бөлімшенің ашылғанын облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов облыс әкімдігі отырысында хабарлады.

Денсаулық сақтау басқармасы облыста трансплантология қызметін дамытудың жол картасын дайындады, – деді Марат Едігеұлы. – Бүйрек салу оталары бірінші қалалық аурухана базасында жасалады. Өйткені аталмыш мекеменің кадрлық ресурсы күрделі ота жасау операциясына сай келіп тұр.