Өздігінен ұша алмаған құсты қала тұрғындары тауып алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
23 ықшамауданының тұрғыны Александр шөп арасында үлкен құстарды байқап қалған. Жақындап келсе тырналар болып шықты. Біреуі аяғынан жараланып ұша алмай қалған.
– Тырна жарақатына байланысты ұша алмаған. Байқауымызша пневматикалық қарумен аяғынан атқан, – дейді Александрдың зайыбы Наталья.
Жануарларды қорғаушылар ұйымына хабарласып, құсты сол жағалаудағы зообаққа жеткізген. Қазіргі уақытта тырна ветеринар мамандардың қарауында.
Айта кетейік, тырна Қазақстанның Қызыл кітабына енген.