Жаңа жол белгісі Орталық базар маңындағы Қазақстан көшесінде салынған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, жаяу жүргіншілер жолағы «Пассаж» сауда үйіне қарсы салынды. Осы уақытқа дейін ол жерде автобус аялдамасы болғаны белгілі. Соның салдарынан адамдар рұқсат етілмесе де жолды кесіп өтетін.
Жолақтар салынған соң аялдама кешенін жылжытуға тура келді.
Осы жағдайға байланысты жүргізушілер наразылықтарын білдіруде. Темір тұлпар иелерінің айтуынша, жүргіншілер кептеліс тудыруы мүмкін.
Айта кетейік, осының алдында Қашаубаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағы да жылжытылған еді. Әзірге бұл жол белгісі өзгерісі де өскемендік жүргізушілердің көңілдерінен шықпауда.