Кеше Абай даңғылында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші жарақат алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 20 маусым күні сағат 12.00-де болған.
- Жүргізуші 1992 жылғы қала тұрғынын жаяу жүргінші жолағымен кетіп бара жатқан жерінде соғып кетіп, жолаушы дене жарақаттарын алған. Көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға әскери бөлімшенің маңында орын алған. Жуықта бұл жерге жаяу жүргінші жолағы салынған болатын. Бірақ көпшілік қала жүргізушілері жолақтың көлік иелеріне ыңғайсыздық тудыратынын айтуда.