Карбышев көшесінің бойында жаяу жүргіншіге арналмаған жолдан өтіп бара жатқан бүлдіршін көлік астына түсті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі
Жол-көлік оқиғасы 28 мамыр күні орын алған.
- 65 жастағы көлік жүргізушісі Гагарин бульвары көшесіне қарай жүйткіп келе жатып 7 жасар баланы қағып кеткен. Зардап шегуші жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жолдан өтпек болған. Дәрігерлер баланың денсаулық жағдайын тексеріп, жеңіл жарақат алғанын анықтады, -деп хабарлайды Өскемен қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі.