Өскемен қаласында ЖК жұмысшысы база аумағынан автокөлік айдап кеткен

326
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының басында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел каналына 40 жастағы жеке кәсіпкер жүгініп, көлігін рұқсатсыз айдап кеткендігіне шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Берілген мәліметке сәйкес жеке кәсіпкер ақпан айының соңында жұмысшысының Газель автокөлігін айдап кеткенін хабарлаған. Келтірілген шығын 4 000 000 теңгені құрады.

– Құқықтық тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеке кәсіпкердің 30 жастағы жұмысшысын жеткізіп, ол өз кінәсін мойындады. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігіне сәйкес (автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.