Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасы орын алып, трактор аударылып қалды

327
көрілім

Облыс орталығындағы көшелердің бірінде көліктер соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Сәтпаев даңғылындағы "Радуга" тұрғын үй кешенінің маңында болған. Жол үстінде аударылған трактор мен соғылған Lada маркалы көлігі жұрттың назарын аударуда.

Жол-көлік апаты болған орында полиция мамандары тексеру жүргізуде. Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталуда.