Қалалық Полиция басқармасы Согра кентінде болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Оқиға 20 маусым күні сағат 14.00-де тіркелген.
- 1999 жылғы жүргізуші қыз BMW маркалы көлігінің рөліне ие бола алмай көшедегі жарық бағанына соғылған. Көлік иесі жеңіл жарақат алды, - деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Жол апаты нәтижесінде «Сергек» камераларына зақым келген. Оқиға себепкері шығынды өтейтін болады.