Өскемен қаласында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп апатқа ұшыраған

408
көрілім

Полиция қызметкерлері Сәтпаев даңғылында болған көлік апатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Көлік апаты 16 ақпан күні таңертеңгі уақытта спорт кешені аумағында болды.

- 1998 жылғы қала тұрғыны Lada көлігін басқарып келе жатып көзі ілініп кеткен, - дейді Өскемен қалалық Полиция басқарамасының баспасөз қызметі. - Көлікте жүргізушіден басқа 1980 жылғы әйел адам 7 жасар қызымен отырған. Олар толығымен медициналық тексеруден өткізілді.

Көлік иесі үшін әкімшілік хаттама толтырылды.