«Өскемен жылу желілері» АҚ-ның хабарлауынша, 1 қазаннан бастап жылу беріледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанованың тапсырмасы және «Өскемен жылу желілері» АҚ-ның бұйрығымен 1 қазан жылыту маусымының алғашқы күні болмақ» делінген хабарламада.
Бұған дейін ukteplo.kz сайтында қалалықтар өздерінің үйлеріне қашан жылу беретіндігін білуге болатындығы жайлы мәлімделген.