Өскемен қаласындағы аяқ-киім жөндеу дүңгіршегіне ұры түсті

518
көрілім

Тамыз айының аяғында Өскемен қаласындағы аяқ-киім жөндеу дүңгіршегіне заңсыз кірген ұрылар электронды білдекті (электрический станок) үптеп кеткен. Осының салдарынан, жәбірленушіге 40 мың теңге залал келтірілген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

29 тамыз күні түн жарымында белгісіз біреулер облыс орталығындағы аяқ-киім жөндеу дүңгіршегіне енеді. Бағалы заттарды іздеген ұрылар өздерімен бірге дүңгіршек ішінен электронды білдекті ала шыққан. Жәбірленуші өзіне келтірілген жалпы залалды 40 мың теңгеге бағалады.

Тәртіп сақшылары күдікті ретінде 33 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Егер оның кінәсі дәлеленсе ҚР ҚК-нің 188-бабымен жауапқа тартылмақ.