Бүгін облыс орталығындағы өрт сөндіру бөліміне дүкеннің өртенгендігі жайлы хабар келіп түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт сөндіру қызметкерлері шақыртудан кейін бес минут аралығында жетіп үлгерген. Аумағы 100 шаршы метр болған өрт ошағынан құрылыс нысанының шатыры, қабырғалары жанып кетті. Құтқарушылар келгенге дейін дүкен қызметкерлері мен келушілер шығып үлгерген. Зардап шеккен ешкім жоқ.
Бір сағаттың ішінде тілсіз жау ауыздықталды. Оқиға себебі анықталуда.