Өскемен қаласындағы Ертіс жағалауы тегін Wi-Fi-мен қамтылады

1025
көрілім
Өңір басшысы Даниал Ахметовпен кездескен Қазақтелеком өкілдері Өскемен қаласының Славский жағалауында тартылатын мобильді жаңғыру жайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақтелеком мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі уақытта Wi-Fi мұнаралары Протазанов көшесі, 79 мекенжайынан бастап Ауған соғысы мемориалына дейін орнатылған екен.

Облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері тоғызыншы мамырға дейін Wi-Fi мұнараларын Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан шығысқазақстандықтар монументіне дейін орнатылатынан алға тартып отыр. Ал бірінші маусымға қарай вай-файмен Славский жағалауы түгелдей қамтылады.

Ерлен ОСМАНОВ